Олар қамауға алынды
Алматы қаласының тәртіп сақшылары түнгі қарақшыларды құрықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Polisia.kz мәліметінше, Алмалы ауданының сақшылары өтіп бара жатқан адамдарды тонап жүрген екі жігітті қолға түсірді.
Қараңғы түнде күдіктілер жалғыз өтіп бара жатқандардың ізіне түсіп, оларды физикалық күш көрсетумен қорқытып, дүние-мүлкін тартып алған: көбінесе телефондар мен гаджеттер.
Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдіктілер анықталды және ұсталды. Олар – басқа жақтан келгендер. Тергеудің қазіргі кезеңінде олардың екі қарақшылық шабуылға және үш бөтеннің мүлкін ұрлауға қатысы бар екендігі белгілі болды. Күдіктілер қамауға алынды, – деді Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Батұржан Әбдумасаров.
Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.