×

«Жастар отбасын кеш құрады»: елімізде бала туу көрсеткіші күрт төмендеген

Сирек босанудан туындайтын аурулар пайда болды

 Еркеғали Болатұлы 15.06.2022 | 13:26
фото: ашық дереккөз

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде бала туу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға төмендеді. Мысалы, былтыр ғана бір жылда 450 мың сәби дүниеге келген еді. Бұл абсолютті рекорд болды.

Сарапшылар бұл көрсеткішті әйелдердің ерте жүктілікке асықпайтындығымен байланыстырады. Дерек бойынша, қазір жасы 30-ға жақындағанда бір-ақ балалы болғанды жөн санайтын алматылық әйелдер көш бастап тұр. Сылтауларының сиқы – өзі үшін өмір сүруге, қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге және өзін тұлға ретінде дамытуға ұмтылу. Есесіне «оңтайлы кезеңді» күтіп жүрген көптеген әйелдің денсаулығында проблемалар көбейген.

Сонда ол 1-2 рет босанады екен. Енді міне, өркениеттің жаңа аурулары пайда болды. Эндометриоз, жатыр миомасы, сүт безі қатерлі ісігі. Бұл сирек босанудан туындайтын аурулар, – деді Репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин 31 арнаға берген сұхбатында.

Ал Түркістан облысының тұрғындарын ең жас аналар деуге болады. Көбіне бұл өңірдегі босанатын әйелдердің жасы 22-де болып келеді.

Әйел жүктілікті неғұрлым ұзақ уақытқа кейінге қалдырса, оның толық дені сау баланы дүниеге әкелу мүмкіндігі соғұрлым азаяды, - дейді мамандар.

Мәселен, статистика бойынша мың адамға шаққанда 20 бала дүниеге келсе, оның 8-і бір жылға дейін өмір сүрмейді. Бүгінде нәресте өлімі 4,1 пайызға өскен. Ал бұл демографиялық дағдарысқа әкелуі мүмкін.

Балалы болуды кешіктірудің басқа себептеріне баспананың жоқтығы, тұрақты табыс, тіпті бағаның өсуі жатады.

«Жастар отбасын кеш құрады. Сондықтан бала туу көрсеткішіміз 5-10 жылға артта қалды. Бұл процесс тұрақты болмайды. Ол 20 жылдан кейін халқымыздың толығуына әсер етеді», – дейді әлеуметтану ғылымдарының докторы Мәнсия Садырова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама