Қарағанды облысында жол қозғалысы шектелді

Қымбат Елтайқызы

Жолдың шамамен қашан ашылатыны да белгілі болды

фото: Halyq Uni

Қазавтожол Қарағанды облысында көлік қозғалысына шектеу қою туралы шұғыл ақпарат жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.

2024 жылғы 21 қарашада сағат 15:00-де Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1505-1610 шақырымы аралығында (Новостройка ауылы - Ақсу-Аюлы ауылы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады – деп қосты ведомство.

Жолды 2024 жылғы 22 қараша сағат 07:00-де ашу жоспарланып отыр.