Қарағанды облысында жол қозғалысы шектелді
Жолдың шамамен қашан ашылатыны да белгілі болды
Қазавтожол Қарағанды облысында көлік қозғалысына шектеу қою туралы шұғыл ақпарат жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.
2024 жылғы 21 қарашада сағат 15:00-де Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1505-1610 шақырымы аралығында (Новостройка ауылы - Ақсу-Аюлы ауылы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады – деп қосты ведомство.
Жолды 2024 жылғы 22 қараша сағат 07:00-де ашу жоспарланып отыр.