Жаңа сервистің барлық функциялары тегін беріледі
eGov Mobile мобильді қосымшасында «Кредиттік және сақтандыру тарихы бойынша нұсқаулық» жаңа сервисі іске қосылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жүйе көмегімен қазақстандықтар өздерінің несие алу және сақтандыру тарихын қадағалап, жалпы кредиттік қабілеттілік деңгейін онлайн бағалай алады.
Сервис «Кредиттеу» және «Сақтандыру» атты бөлімдерден тұрады. Бұл бөлімдерде пайдаланушы бұрын алған несиелері мен сақтандыру қызметтері туралы АО «Мемлекеттік несие бюросының» деректеріне негізделген өзекті ақпарат ұсынылған.
«Кредиттеу» бөлімінде пайдаланушының соңғы бес жылдағы несие алу тарихы туралы есеп, белсенді несие міндеттемелері мен скорингтік балл (скорингтік балл – пайдаланушының несие қабілеттілігінің деңгейін көрсететін көрсеткіш) ұсынылады. Ол несие алу тарихының деректері негізінде қалыптасады және пайдаланушыға өзінің несие беделін бағалауға көмектеседі.
«Сақтандыру» бөлімінде пайдаланушыға бұрын жасалған сақтандыру шарттары мен полистері туралы жалпы есеп, сондай-ақ міндетті автосақтандыру құнына әсер ететін бонус-малус класы туралы ақпарат қолжетімді. Егер алынған мәліметтер бойынша сұрақтар туындаса, пайдаланушы тікелей несие берушіге немесе сақтандыру компаниясына жүгінуі қажет.
Жаңа сервистің барлық функциялары тегін беріледі.
Сервисті пайдалану үшін азаматтар:
Жаңа сервис Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының арқасында іске асырылды.