Синтетикалық есірткі өндірген қылмыстық топ ұсталды
Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
Ірі қалалар аумағында синтетикалық есірткілерді дайындап, оны өткізуге қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ақпаратқа сәйкес, Астана мен Алматыда жоспарлы іс-шаралардың нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топтың 14 мүшесі ұсталған. Күдіктілер ұзақ уақыт бойы психотроптық заттарды сатумен, прекурсорлар мен зертханалық жабдықтарды жеткізумен, есірткі зертханаларын салу үшін объектілерді дайындаумен айналысқан.
Ұстау барысында үш есірткі зертханасы, екі интернет-есірткі дүкені жойылып, 1 тонна 750 литр химиялық компонент, оның ішінде өткізуге дайын 30 келі «мефедрон» және «альфа-pvp» есірткілері тәркіленді, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.
Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.