Олар елімізде қалу үшін түрлі айла ойлап тапқан
Жамбыл облысында мигранттармен байланысты заңсыз схемалардың жолы кесілді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Еңбек мигранттарына қатысты жағдай прокуратураның ерекше бақылауында және бұл бағытта заңнаманың сақталуына үздіксіз мониторинг жүргізіліп жатыр.
Көбіне мигранттарды тіркеу үшін уәкілетті орган қызметкерлері оларды жауапкершіліктен жалтартып әкетудің түрлі схемасын ойлап табуда. «Тараз – қауіпсіз қала» тұжырымдамасы аясында прокурорлар Өзбекстан мен Түркіменстаннан келген 25 шетелдікті анықтады. Олар оқу орындарына тіркелу арқылы 1 жылға заңсыз тіркеуге қойылған, – деп мәлімдеді облыстық прокуратура.
Мысалға, Өзбекстаннан келген 19 мигрантқа М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті ретінде жалған құжаттар берілген. Алайда, олар бұл оқу орынның білімгері болмаған. Қазір кінәлі тұлғалар анықталып жатыр. Прокурорлар аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 385-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Басқа жағдайда, 6 шетелдік азамат қаладағы университет пен колледждерге формальді түрде қабылданып, кейін ұзақ сабақтан қалғаны үшін оқудан шығарылды.
Жалпы, мониторингпен уәкілетті органмен әкімшілік жауаптылыққа тартылмаған 180 шетел азаматы анықталды. Осылайша, еңбек мигранттарына кедергісіз келу және заңсыз уақытша тіркелуіне жағдай жасалған, – делінген мәліметте.
Прокурорлық қадағалау нәтижесінде мигранттарды заңсыз тіркеу жойылып, лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қазір кінәлілер анықталып жатыр.