Halyq Uni логотип
×

Ақмола облысында 60-қа жуық жылқы ұрлаған барымташы ұсталды

Мал ұрлығы азаймай тұр

 Қымбат Елтайқызы 21.11.2024 | 10:00
Ақмола облысында 60-қа жуық жылқы ұрлаған барымташы ұсталды
фото: polisia.kz

Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған барымташы құрықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, тәртіп сақшылары мал ұрлығын ізін суытпай анықтады.

Облыста ірі мал ұрлығы ашылды. Полицейлер жайылымнан ұрланған 59 жылқыны ізін суытпай анықтап, қылмыскерді қолға түсірді. Сақшылар күдікті мінген автокөлікті Астана-Петропавл тасжолында тоқтатқан. Тексеру барысында көліктің жүксалғышынан малдың ішек-қарны мен терісі табылған. Жедел тергеу нәтижесінде бұл жылқылар Қырыққұдық ауылының тұрғындарына тиесілі екені белгілі болды, – делінген ақпаратта.

Күдіктінің 59 жылқыны ауылдық жайылымнан ұрлап кеткені анықталды. Ұрланған малдың біразын ол Айдарлы ауылының маңында сойып үлгерген. Қазір полиция қылмыскердің сыбайластары болуы мүмкін деген нұсқаны жіті тексеріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу іс-шаралары жалғасып, оқиғаның басқа да деректері анықталуда. Тәртіп сақшылары құрықталған азаматтың басқа қылмыстарға қатысының бар-жоғын мұқият зерттеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама