Halyq Uni логотип
×

Қазақстан азаматтығынан бас тартқан адамдар саны азайды

Бұл үрдіс еліміздің азаматтығы институтының беделі артқанын айғақтайды, дейді Қарин

 Қымбат Елтайқызы 20.11.2024 | 15:41
Қазақстан азаматтығынан бас тартқан адамдар саны азайды
фото: akorda.kz

Мемлекеттік кеңесші Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ақорда мәліметінше, Қазақстан президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Оған Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин төрағалық етті.

Жиында Қазақстан азаматтығына қабылдау және одан шығару мәселелері қаралды. Басқосуда Қарин соңғы 5 жылда еліміздің азаматтығынан бас тартқан адамдар саны азайып келе жатқанын әрі бұл үрдіс Қазақстан азаматтығы институтының беделі арта түскенін айғақтайтынын атап өтті, – делінген ақпаратта.

Мысалы, 2019 жылы 1,7 мың адам азаматтықтан бас тартса, 2020 жылы – 944, 2021 жылы – 123, 2022 жылы – 114, 2023 жылы – 107, ал 2024 жылдың 10 айында 30 адам азаматтықтан шықты. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама