Бұған қоса, 300 келі есірткі тәркіледі
ҰҚК ірі есірткі арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Halyq Uni.
Биылғы жылдың 4 қарашасында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау, Алматы облыстары мен Алматы қаласы бойынша департаменттері прокуратура органдарының үйлестіруімен еліміздің оңтүстік өңірлерінен Ақтауға есірткі жеткізу арнасын жойды.
Осы арнаны ұйымдастырды деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Заңсыз айналымнан каннабис тобына жататын 300 келі есірткі заты тәркіленді, – деп мәлімдеді ҰҚК.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды.