Halyq Uni логотип
×

Конституциялық сот миссионерлік қызметті тіркеу туралы талапты тексереді

Діни қызмет мәселесі қаралды

 Қымбат Елтайқызы 20.11.2024 | 10:49
Конституциялық сот миссионерлік қызметті тіркеу туралы талапты тексереді
фото: Halyq Uni

Конституциялық сот миссионерлік қызметті тіркеу туралы талапты тексереді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Конституциялық сотта азаматтың өтініші бойынша «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның 1-бабының 5) тармақшасының және 8-бабының 1-тармағының, «миссионерлік қызметті тіркеусіз жүзеге асырғаны» үшін әкімшілік жауаптылықты белгілеуге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабының үшінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы отырыс өтті.

Көрсетілген нормаларға сәйкес, миссионерлік қызметті тіркеуден өткен азаматтар, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар жүзеге асыра алады. Белгіленген тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, – деп мәлімдеді Конституциялық сот.

Өтініш берушінің пікірі: көрсетілген нормалар сөз және ар-ождан бостандығына конституциялық құқықтарын шектейді. Өтінішті қарау жөніндегі отырысқа қатысқандар: өтініш иесінің, Парламент палаталарының, Бас прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, ішкі істер, әділет, мәдениет және ақпарат министрліктерінің, парламентаризм, заңнама және құқықтық ақпарат институттарының өкілдері және сарапшылар.

Баяндамашы судья: С.Ф.Ударцев. Конституциялық соттың қорытынды шешімі Конституциялық заңның 65-бабына сәйкес, КС ресми сайтында, «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама