Halyq Uni логотип
×

Түркістанда көшеге екі тонна қоқыс тастаған тұрғын жазаланды

Екі күнде 168 заңбұзушылық тіркелді

 Қымбат Елтайқызы 20.11.2024 | 10:10
Түркістанда көшеге екі тонна қоқыс тастаған тұрғын жазаланды
фото: polisia.kz

Түркістан облысының тәртіп сақшылары көше бойына екі тоннаға жуық құрылыс қалдығын тастаған адамды жауапқа тартты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, Түркістан қаласының сақшылары екі күн бойы «Тазалық» іс-шарасын өткізіп, 168 құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде ортақ пайдаланатын орындарды ластау бойынша 146 жайт тіркелді. Абаттандыру қағидасын бұзған 3 тұрғынға айыппұл салынса, 12 адамға ескерту берілді. Ал жолдарды және жол жабындыларын ластаған 7 тұрғынға айыппұл салынды.

Мәселен, полицейлер 18 қараша күні облыс орталығы көшелерінің бірінен құрылыс қалдықтарын байқады. Бірден тексеру шараларын жүргізіп, абаттандыру қағидаларын бұзған жергілікті тұрғынды анықтады. Ол үйіне жүргізілген жөндеу жұмыстарынан кейін екі тоннаға жуық қалдықты көше бойына тастай салған. Қала тазалығына нұқсан келтірген адамға заң талаптарына сәйкес 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – делінген ақпаратта.

Бұл іс-шара «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында өтті. Мақсат – қала аумағында абаттандыру әрі ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың алдына алу, нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастыру. Іс-шараға тәртіп сақшыларымен қатар әкімшілік қызметкерлері, мемлекеттік мекемелер, көпқабатты тұрғын үй тұрғындары, кәсіпкерлік нысан иелері мен еріктілер қатысты. Бұл бағыттағы шаралар жалғаса бермек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама