Бірыңғай уақыт белдеуі өзгермейді – үкімет басшысы

Дәурен Ерболат

Еліміздің көп бөлігі UTC+5 уақыт белдеуінде орналасқан

Коллаж Halyq Uni

Премьер-министр Олжас  Бектенов Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі өзгермейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев өз баяндамасында қолданыстағы уақыт белдеуіне қатысты жан-жақты дәлелдерді келтіріп, нақты жауап берді. Үкімет бұл шешімді қолдайды. Біз бірыңғай уақыт белдеуіне бекерден бекер ауысқан жоқпыз. Ел аумағының көп бөлігі UTC+5 уақыт белдеуінде орналасқан. Сондықтан бұл – ғылым тұрғыдан дұрыс шешім. Сауда және ақпарат министрліктеріне жан-жақты ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тасырамын, - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Айта кетейік, географиялық жағынан Қазақстан UTC+3, UTC+4, UTC+5, UTC+6 белдеуінде орналасқан. Бұған дейін елімізде UTC+5, UTC+6 белдеуі қолданылады. Еліміздің батыс өңірі басқа аймақтарға қарағанда бір сағат артта жүрді. 2024 жылдың 1 наурызынан бастап ел бойынша UTC+5 белдеуі енгізілді.

Бұған дейін Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуін енгізуді ұсынған Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл қазақстандықтардан кешірім сұраудан бас тартты

Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу аяқ астынан қабылданған шешім емес. Бірнеше жыл талқылау болды. Мемлекеттік комиссия жұмыс істеді. Үкімет шешім қабылдады. Бұл бір министрдің шешімі емес. Сондықтан мұны қателік деп айтуға болмайды, - деді Еркін Әбіл