×

Қазақстанда дәрілік өсімдіктердің қоры таусылып жатыр – министр

Ол елімізде дәрілік шөптер ретсіз жиналып, шетелге сатылып жатқанын жеткізді

 Дәурен Ерболат 15.06.2022 | 11:54
Фото: region15.ru

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Қазақстандағы дәрілік шөптерді жинауға қатысты заңды күшейту керегін айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысында «Өсімдіктер дүниесі туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Министр елімізде ағаш-бұта және шөп өсімдіктерінің 6 мыңнан аса түрі өсетінін атап өтті. Оның 1,5 мыңға жуық түрі дәрілік өсімдік, ал 390 өсімдік Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

110 өсімдік – релиікті реликті өсімдіктер, сондай-ақ 700 эндемикалық өсімдік түрі бар. Бүгінде Қазақстаннан экспортталатын дәрілік өсімдіктерінің тізіміне 14 түрі кіреді: мия, ферула, цистанхе, Түркістан сабын тамыры және басқалары. Реттеусіз қолданылуына байланысты дәрілік өсімдіктердің шикізат қоры таусылып жатыр, - деді», - деді министр мәжілістің жалпы отырысында.

Серікқали Брекешев дәрілік өсімдіктерді бақылаусыз жинаудың артуына сыртқы нарықтардағы сұраныстың көбеюі ықпал ететінін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстанда жиналған мия тамыры Қытай, Түркия және АҚШ-қа сатылады. Сондай-ақ ол елімізге өсімдіктің бөтен түрлері бақылаусыз әкелініп жатқанын жеткізді.

«Өсімдіктің бөтен түрлері енгізілген жағдайлар бар. Мысалы, «Медеу» өңірлік табиғи паркінің аумағында Солтүстік Америкадан әкелінген «Асер Негундо» үйеңкі ағашының таралуы байқалады, ол кәдімгі өрік пен Сиверс алмасын ығыстырады. Сондай-ақ, елімізге инвазиялық зиянкестермен және аурулармен залалданған бөгде өсімдік ресурстарын әкелу қаупі бар. Алматы қаласының жасыл екпелерінде Каштанды зақымдайтын Охрид кенішінің және емен екпелеріне зиян келтіретін емен игеуішінің белсенді таралуы байқалады», - деді басшы.

Министрдің пікірінше, бұл мәселе заң аясында шешілмесе, ол табиғи өсімдік ресурстарының сақталуына теріс әсер етіп қана қоймай, дәрілік өсімдіктерді өндіруге және қайта өңдеуге құйылатын инвестицияларға салдарын тигізуі мүмкін.

«Заң жобасын қабылдаудағы мақсат – республиканың бүкіл аумағында өсімдіктер дүниесін қорғау, молайту және ұтымды пайдалану саласындағы қатынастарды құқықтық реттеуді енгізу», - деп түйіндеді сөзін Серікқали Брекешев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама