Жамбыл облысында әкімдіктің инвестор құқығын шектегені анықталды

Қымбат Елтайқызы

Оның құқығы қорғалды

фото: Жамбыл облысының прокуратурасы

Меркі ауданының прокуратурасы ұн тарту зауытын соғуды жоспарлаған инвестордың құқығын қорғады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Меркі ауданының прокуратурасы инвесторға ұн тарту зауытын іске қосуды қамтамасыз ететін, дәнді дақылдарды себу үшін жер учаскесін бөлу мәселесін шешті, деп мәлімдеді Жамбыл облысының прокуратурасы.

«МерАгро Холдинг» ЖШС-гі Жамбыл облысы әкімінің 2021 жылғы 12 мамырдағы №108 қаулысының негізінде қуаты 3000 тонна ұн өндіру зауытын салу үшін инвестициялық жоба ретінде танылып, облыстың кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген. Осы жобаны жүзеге асыру шеңберінде асыл тұқымды ірі қара мал өсіру де жоспарланып отыр. Бұл инвестицияларды тартуға және 40-тан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, – деп қосты ведомство.

Ұн өндіру зауытының құрылысын 2024 жылдың соңында аяқтау жоспарланған. Осыған орай, инвестор зауытты іске қосу үшін дәнді дақыл егуге жер учаскелері қажеттігін көрсетіп, Меркі ауданы әкімдігіне ауыл шаруашылық мақсаттағы жер сұрап, 2021 жылғы берілген өтінішіне жауап алмай жүргендігі туралы шағымданған.

Аудан прокуратурасы талдау барысында жергілікті атқарушы органның бүгінге дейін аталған өтінішті қарамай, тиісті жауап бермегенін анықтады.

Прокуратураның араласуынан кейін инвестор талаптары қанағаттандырылып, 2024 жылғы 31 қазанда 200 гектар ауыл шаруашылық мақсаттағы жер рәсімделіп, оның бұзылған құқығы қалпына келтірілді.