Алматы облысында мұғалімдер жарты жылдан аса жалақы алмаған
Берешек көлемі 40 млн теңгеден асты
Алматы облысында 60-қа жуық мұғалім жарты жылдан аса жалақы алмаған, деп хабарлайды Halyq Uni.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, Еңбекшіқазақ ауданындағы «Мейірімді періште» жеке меншік гимназиясының басшылығы банкрот жариялау сатысында болғандықтан, мұғалімдерге 6 айдан астам уақыт жалақы төлемеген. Мекеме 56 мұғалімге 40 млн теңге қарыз болған.
Атқарушылық өндірістер жүргізілгеніне қарамастан, қызметкерлер алдындағы міндеттемелер орындалмаған.
Прокуратураның араласуының нәтижесінде борышкердің жылжымайтын мүліктері анықталып, сатылымға шығарылды. Түскен қаражат қарыздарды өтеуге бағытталып, педагогтердің еңбек құқығы толық көлемде қалпына келтірілді, – делінген прокуратура хабарламасында.