Halyq Uni логотип
×

Биыл Алматыда 25 мың экологиялық заңбұзушылық анықталды

Олардың қалай жазаланғаны айтылды

 Қымбат Елтайқызы 18.11.2024 | 10:10
Биыл Алматыда 25 мың экологиялық заңбұзушылық анықталды
фото: polisia.kz

Биыл Алматыдағы табиғатты қорғау бекеттерінде 25 мыңнан астам экологиялық нормалардың бұзылуы тіркелді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, қалада 19 табиғатты қорғау бекеті бар. Олар қаланың периметрі бойынша орналасқан. Жыл басынан бері табиғатты қорғау бекеттерінде 25154 құқық бұзушылық анықталды, деп мәлімдеді Polisia.kz.

Ластаушы заттардың мөлшері бойынша нормативтерден асатын автокөліктерді және басқа да жылжымалы көліктерді пайдаланғаны үшін 25154 әкімшілік хаттама толтырылды. Айыппұлдың жалпы сомасы 437 млн теңгеден асты, – делінген ақпаратта.

Алматыда елді мекендер аумақтарын абаттандыру және көгалдандыруға бағытталған «Таза Қазақстан» жалпы республикалық бағдарламасы аясында халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру шаралары жалғасып жатыр. Оның негізгі мақсаты – халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, қоршаған ортаға қамқорлық құндылықтарын дамыту.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама