Halyq Uni логотип
×

Павлодар облысында 15 жастағы қызды өгей әкесі зорлаған

Бұл жайтты бала құқығы жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шәкенева растады

 Халық үні 17.11.2024 | 22:35
Павлодар облысында 15 жастағы қызды өгей әкесі зорлаған
фото: Halyq Uni

Павлодар облысының тұрғыны 15 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді. Бұл фактіні оқушы қыздың сынып жетекшісі жария еткен, деп хабарлайды Halyq Uni pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде облыстың бір ауылында 15 жастағы қызды өгей әкесі зорлады деген ақпарат тарады. Бұл жайтты бала құқығы жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шәкенева растады.

Қыздың сынып жетекшісінің арқасында зорлау фактісі анықталды. Күдікті ретінде өгей әкесі ұсталды. Қазір қыз ауруханаға жатқызылды. Онымен психологтар жұмыс істеп жатыр, - деп мәлімдеді Сәуле Шәкенева.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама