×

Маңғыстау облысында «ӨзенМұнайГаз» АҚ-на қарасты аумақта өрт шықты

Оқиға орнында ер адамның мәйіті табылды

 Динара Амантай 15.06.2022 | 10:53
Фото: Halyq Uni

Кеше Маңғыстау облысы Қарақия ауданында «ӨзенМұнайГаз» АҚ-на қарасты аумақта өрт шықты. Оқиға орнынан ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

14 маусым күні сағат 23.50-де Қарақия ауданында Жаңаөзен қаласынан 40 км жерде «ӨзенМұнайГаз» АҚ-ның МГӨБ-2 №49-топтық қондырғының аумағында №9180 ұңғымасын бекіту кезінде ҰЖЖА-40 көтергіш қондырғысы өртенді. 15.06 күні сағат 00-51-де өрт сөндірілді. Өрт болған жерден күйіп кеткен мәйіт табылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, – делінген хабарламада.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам 1979 жылы туған Бейнеу ауылының тұрғыны.«Кезби» ЖШС-да жүк тиегіш машинисі болып жұмыс істеген.

Өртті сөндіруге ТЖД-ның 15 қызметкері, 3 бірлік. техникасы, МеӨҚҚ 14-Семсерден 8 қызметкер, 2 бірлік техника, Жаңаөзен қаласы ПБ-дан 4 қызметкер, 2 бірлік техника, жедел жәрдемнің 9 қызметкері мен 3 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама