Halyq Uni логотип
×

Жамбыл облысында полицей әріптесіне оқ атты

Жәбірленуші Қордай аудандық ауруханасына жатқызылған

 Халық үні 17.11.2024 | 21:30
Жамбыл облысында полицей әріптесіне оқ атты
фото: Halyq Uni

Жамбыл облысында полицейдің әріптесіне оқ атуына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Halyq Uni облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2024 жылдың 16 қарашасында қызметтік автокөлікпен аумақты патрульдеу кезінде полиция қызметкері абайсызда әріптесінің арқасынан оқ атқан. Салғырттық салдарынан ауыр зардаптарға әкеп соққан осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ жәбірленушінің Қордай аудандық ауруханасына жатқызылғаны хабарланды.

Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама