Halyq Uni логотип
×

Сингапур мен Жапония тәжірибесі: Мектепте құндылықтарды қалыптастыратын бағдарлама әзірленді

Бағдарламаға Сингапур, Жапония мен Ұлыбритания тәжірибесі енгізілді

 Халық үні 17.11.2024 | 12:19
Сингапур мен Жапония тәжірибесі: Мектепте құндылықтарды қалыптастыратын бағдарлама әзірленді
фото: Halyq Uni

 

Қазақстан мектептерінде құндылық бағдарларын қалыптастыруға бағытталған жаңа тәрбие жұмысының бағдарламасы әзірленді. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Оның сөзінше, бағдарламада құндылықтарды оқу үдерісіне және мектеп іс-шараларына интеграциялау көзделген, олар жүйеленіп, балалар мен мектеп ұжымына түсетін жүктемені азайту мақсатында 43-ке дейін қысқартылған (өткен жылы олардың саны 174 болатын).

Іс-шаралар 8 негізгі бағытқа бөлінген. Мәселен, «Қамқор» бағыты экологияға қамқорлық жасау мен жануарларға көмек көрсетуге арналса, «Шабыт» бағытына мектептегі театр мен сахналық қойылымдар кіреді, сол арқылы балалар әділдік пен жауапкершілік деген сияқты құндылықтардың өмірдің кез келген жағдайында маңызды екенін сезініп, түсіне алады. Құқықтық сауаттылыққа, заңдарды білуге және қауіпсіздік сабақтарына ерекше назар аударылды, - деді омбудсмен.

Сондай-ақ ол бағдарламаны әзірлеу барысында Жапония, Ұлыбритания және Сингапур сынды елдердің халықаралық тәжірибесі зерттелгенін атап өтті.

Қазіргі таңда бағдарламаны жүзеге асыруда сапаға, кері байланысқа және балалар қуана қатысуы үшін форматты қызықты қылуға, сондай-ақ балалардың ата-анамен байланысын нығайтуға ықпал етуге ерекше назар аударылып отыр», - деп қосты Динара Зәкиева.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама