Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы шегерілді
Экс-шенеунік 4,5 млн теңге «пара алды» деген күдікке ілінген
Massaget.kz-тің хабаралуынша, бұған дейін Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі Бақытгүл Хаменоваға қатысты қылмыстық іс қалалық № 2 сотына түскенін хабарлаған еді. Алғашқы сот отырысы 14 маусымға белгіленген болатын.
Енді сот кейінге шегерілді. Оның себебін соттың баспасөз қызметі істі қарайтын судьяның басқа қылмыстық істі қарап жатқанымен түсіндірді.
Экс-шенеунік 4,5 млн теңге «пара алды» деген күдікке ілініп, тергеу абақтысына қамалып отыр. Ол еңбек жолын көпшілік секілді қарапайым оқытушы, компания редакторы, диктор болып бастаған. 2020 жылдың 13 наурызында облыс әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.
Онымен бірге мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Акылбек Рысқалиев та қамалған.