Halyq Uni логотип
×

Ауылда 48 жастағы әйел анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Алкогольді бірге тұтыну кезінде туыстар арасында жанжал туындаған

 Халық үні 15.11.2024 | 22:02
Ауылда 48 жастағы әйел анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды
фото: Halyq Uni

14 қарашада таңертең Ақтөбе облысының Мәртөк ауылында полиция қызметкерлері 73 жастағы әйелдің мәйітін тапты. Алдын ала келтірілген дерекке сүйенсек, марқұмның өліміне ішкі ағзалардағы жарақаттары себеп болған, деп хабарлайды Halyq Uni Мой городқа сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше, қылмыс жасады деген күдікке қаза тапқан адамның 48 жастағы қызы ілінген. Қазір ол ұсталған. Алкогольді бірге тұтыну кезінде туыстар арасында жанжал туындағаны айтылады.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі күдіктінің уақытша ұстау изоляторына орналастырылғанын хабарлады. ҚР ҚК-нің 106-бабы («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама