Түркістанда есірткі контрабандасына қатысы бар 120 шетелдік ұсталды (ВИДЕО)

Қымбат Елтайқызы

Есірткі қылмысы азаймай тұр

фото: polisia.kz

Түркістан облысында есірткі контрабандасына қатысы бар 120-дан астам шетел азаматы құрықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, есірткі қылмысы елді алаңдатып отыр. Ұлт қауіпсіздігіне қатер төнгізетін бұл кеселмен күрес Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері тарапынан тоқтаған емес.

Мәселен, тәртіп сақшылары осы жылдың 10 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 652 дерекке тосқауыл қойды. Оның 267-сі қылмыс болса, 385-і – теріс қылық. Есірткі сату бойынша 42 дерек, аса ірі көлемде есірткі сақтау – 13, құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсіру – 67, есірткіні, психотроптық заттарды заңсыз жарнамалау, насихаттау бойынша 8 дерек анықталған, – делінген ақпаратта.

Сақшылар, прокуратура өңір жастарымен бірлесіп, 100-ге жуық есірткіні жарнамалайтын жазбаны жойды. Заңсыз айналымнан 335 келіге жуық есірткі тәркіленді. Есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдаудың 137 арнасының жұмысы тоқтатылды.

Мысалы, контрабанданың 127-сі Өзбекстан шекарасынан Қазақстан аумағына өту кезінде анықталған. Ал 10 жайт ҚР-дан Өзбекстанға өту кезінде тоқтатылды. Күдіктілердің 88-і – Өзбекстан азаматы, 37-сі – Тәжікстан азаматы болған. Ал трамадолға қатысты екі қылмыстық іс, бір теріс қылық тіркелді. Мың трамадол дәрісі тәркіленді.

Сондай-ақ, есірткі қойып кетуші 34 тұрғын анықталып, олардан 4 келіден астам синтетикалық есірткі алынды. Тікұшақпен аудандарда есірткі егуге ықтимал жерлерге әуемен барлау жұмыстары жүргізілді.