Прокуратура бақылау шараларын жетілдіріп жатыр
Синтетикалық есірткіні жарнамалаған 80-нен аса телеграм арна бұғатталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бас көлік прокуратурасы ақпаратына сәйкес, әлеуметтік желілерді бақылау барысында синтетикалық есірткіні насихаттау, жарнамалау және сату мақсатында құрылған телеграм арналар анықталған.
Нәтижесінде «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы 80-ден астам телеграмм арналары бұғатталды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Прокуратура органдары байланыс операторларымен бірлесіп, бақылау шараларын жетілдіруді және платформалармен заңсыз контентті жылдам бұғаттауды жалғастырады.