Маймыл шешегі: ДДСҰ шұғыл жиналыс өткізеді

Дәурен Ерболат

Жыл басынан бері вирусты жұқтырудың 1,6 мың жағдайы тіркеліп, аурудан 72 адам қайтыс болған

Фото: Halyq Uni

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде маймыл шешегінің тарауына байланысты шұғыл жиналыс өткізеді. Отырыста аурудың адамдарға қаншалықты қауіпті екені талқыланады.

Бүгінде маймыл шешегі 39 елде анықталды. Вирус алғаш рет маймылдардан 1958 жылы, ал адамдардан 1970 жылы табылған.

Айта кетейік, маймыл шешегі – Орталық және Батыс Африканың шалғай аудандарында жиі кездесетін сирек жұқпалы ауру. Оның белгілері:

  • жүректің айнуы,
  • безгек,
  • бөртпе,
  • дененің қышуы
  • бұлшықеттің ауруы.

Вирус адамнан адамға жұғады, бірақ оның вируленттілігі төмен болып саналады.

Осыған дейін ДДСҰ адамдар арасында маймыл шешек вирусының таралуы бойынша жағдай коронавирус пандемиясының деңгейіне жетпейтінін мәлімдеген.