Ол өзінің іс-әрекетін жүк көлігінің бұзылуымен түсіндірген
Ауыл маңына бір тонна сойылған мал қалдықтарын тастаған шымкенттік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, аталған құқықбұзушылық туралы ауыл тұрғындары WhatsApp желісіндегі ортақ чат арқылы учаскелік инспекторларға хабарлаған. Іздестіру шараларының нәтижесінде құқықбұзушы жедел анықталды. Ол өзінің іс-әрекетін жүк көлігінің бұзылуымен түсіндірген.
Тәртіп сақшылары ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Сойылған малдардың қалдығын ер адам өзі жинады, – делінген полиция хабарламасында.
Мегаполисте учаскелік инспекторлар азаматтармен тығыз сенімді кері байланыс орнату және құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында мессенджердегі чаттарда өз аумақтарының тұрғындарымен хабар алмасып отырады.