Halyq Uni логотип
×

Жаркентте әскери бөлімнің офицері диверсияға қарсы жаттығуда қаза тапты

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды

 Халық үні 14.11.2024 | 21:00
Жаркентте әскери бөлімнің офицері диверсияға қарсы жаттығуда қаза тапты
фото: asker.kz

Жетісу облысында Жаркент гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің офицері жарақат алып, көз жұмды, деп хабарлайды Halyq Uni Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Трагедияға диверсияға қарсы қауіпсіздік бойынша жоспардан тыс сабақтар өткізу барысында қауіпсіздік шараларын бұзу себеп болған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесіне байланысты, өзге ақпарат жария етілмейді.

Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына барлық қажетті көмек көрсетілетінін хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама