Олар жұмыссыздықтан зардап шегуде
Жаңаөзенде жергілікті тұрғындар мен «БатысГеофизСервис» ЖШС бұрынғы жұмысшылары әкімдік алдында жиналып, ереуіл өткізді.
Қала тұрғындарының айтуынша, олар жұмыссыздықтан зардап шегуде. Жергілікті билік жыл басынан бері бұл мәселені шеше алмай отыр. Бұған дейін ереуілге шыққан «БатысГеофизСервис» ЖШС-нің қызметкерлері жұмыстан қуылған болатын.
Ашынған адамдарға шыққан әкімшілік өкілдері мен полиция қызметкерлері олардан аумақты босатуды талап етті. Алайда, шенеуніктерден олардың мәселелерін шешуге уәде де берген жоқ.
Біз оның қанша уақытқа созылатынын білмейміз. Мәселемізді шешкенше соңына дейін тұруға ниеттіміз, - деді ашуланған адамдар.
Ал жаңаөзендіктер сол жерде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың атына видеоүндеу жазды.