Биыл елімізде 22 мыңнан астам жол апаты тіркелді
Екі мың адам мерт болды
Биыл Қазақстанда 22 мыңнан астам жол апаты тіркелді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ішкі істер министрлігі жолдағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында кешенді шаралар қабылдап жатыр. Биыл 22 мыңнан астам жол апаты тіркеліп, олардың салдарынан 2 мың адам қаза тауып, 25 мыңнан астам адам жарақат алды. ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев осылай деп мәлімдеді.
«Жол апаты мен жарақат алғандар көрсеткіштерінің өсуі жол-көлік оқиғаларын есепке алу тәсілінің өзгеруімен байланысты. Қазір денсаулыққа келтірілген зиянға қарамастан, жол апатынан кейін медициналық мекемеге жүгінген барлық адам есепке алынады», – деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.