Оның фотосуреттері жарияланды
Түркістан сілеусіні Алматы облысында көзге түсті, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жоспарлы рейдтік іс-шара барысында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі инспекторлары Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін Түркістан сілеусінін кездестірді, – деп мәлімдеді Шарын ұлттық паркі.
Бұл оқиға аймақтың биоалуантүрлілігі мен экожүйесін сақтауға бағытталған шаралардың тиімділігін растайды, деп қосты парк мамандары.