Қорғаныс министрлігі бірнеше нұсқаны қарастырып жатыр
Ақтөбе облысында болған тікұшақ апатының себебі анықталып жатыр. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Апатқа не себеп болғаны анықталып жатыр. Әртүрлі нұсқа бар, бірақ басты нұсқа – техникалық ақау, - дейді Жазықбаев.
Айта кетейік, 9 қараша сағат 11:40-та Мартөк ауданы Сарыжар ауылы маңында тікұшақтың қатты қарқынмен қонғаны туралы ақпарат түскен. Бортта 3 адам болған. Бір адам қаза тапты, екі адам ауруханада жатыр.
Бұған дейін Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы екі адамның жалпы тұрақты екенін, денсаулығының нашарлауы байқалмайтынын мәлімдеді.