×

ШҚО-да екі қызды құтқармақ болған жігіт суға батып кетті

Қайғылы оқиға 13 маусымда болған

 Қанат Атаманов 15.06.2022 | 07:00
Фото: ашық дереккөздерден

Шығыс Қазақстан облысында өзеннен 22 жастағы жігіттің жансыз денесі табылды.

Өңірлік Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мәліметінше, қайғылы оқиға 13 маусымда болған. Оқиға куәгерлері кешкі сағат 18.30 шамасында Ұлан ауданындағы рұқсат етілмеген жағажайда 2000 жылы туған жігіттің денесін судан алып шыққан. Олар зардап шегушіге жасанды дем алдыруға тырысқанымен, мұнысынан түк шықпаған.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем көлігінің дәрігерлері жас жігіттің қайтыс болғанын анықтаған.

Алдын ала дерек бойынша жігіт өзімен бірге демалып жүрген екі қызға көмектеспек болып батып кеткен. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.

Қазір жергілікті полиция қызметкерлері болған оқиғаға байланысты тергеу жүргізуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама