Мектеп директоры жағдай ушықса, оқушыларға заңды түрде жаза қолданбақ
Елордадағы №25 орта мектептің тентек оқушыларына қысым жасалған. Бір топ ата-ана «Болмашы нәрсеге бола қоқан-лоққы көрсетіп, балаларымызға күн көрсетпей жатыр» деп шу шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Ата-аналардың айтуынша, мектеп басшылығы олардан балаларды мектепке келмейді, тәртібі нашар деп, құжаттарын алып кетуді талап еткен.
Құжаттарыңды алып кетіңдер! Кетіңдер, болды!» дегеннен басқа ештеңе айтпады. Шақырды. Кейбір ата-аналар келді. Менің баламның әкесі барды. Сол кезде де кетіңдер деді. Балалар мүлде тыңдамайды, шаршатып бітті, әбден мезі қылды деді. Ата-аналар басқа 20 мектепке барды. Орындар жоқ Қайда барамыз енді? – дейді ата-аналардың бірі Әйгерім Аймағанбетова.
Нина Петунинаның ұлы – таэквондодан ел чемпионы. Осыған дейін мектептен тек алғыс хат алдық дейді. Ал енді баласын апарар жері жоқ. Жалынбай-ақ, алып кетейін десе, оның ұлын да ешқандай мектеп қабылдамаған.
Олар бүкіл сыныпқа шүйлігіп отыр. Бірақ ішінен біздің балаларымызды ғана іріктеп, қуып жіберейін деп жатыр. Ішінен 4-ақ баланы қалдырып, өзге сыныпқа ауыстырамыз дейді. Бұл жерде бар болғаны екі 10-сынып бар, - дейді Нина Петунина.
Ал мектеп директоры Алмас Қиянов бұл сыныптағы кейбір оқушының тәртібі өте нашар екенін алға тартып отыр. Өздері тыныш отырып, сабақ оқымағанымен қоймай, өзгелерге де мүмкіндік бермейтін көрінеді.
Біз жаңа оқу жылынан бастап осы сыныппен айналыстық. Олар сабаққа келмейді. Келсе де кешігіп келеді. Сабақ үстінде мұғалімдердің сабақтарын өткізбеуге әрекет жасайды. Осы сыныпта 1-2 жақсы оқитын балалар сабақ үстінде жауап берейін десе, оларға кедергі жасайды. Негізі осы сыныптың кейбір балалары өте тәртіпті еді. Жас сарбазда болып, менің көзімше барлық жарыстарға қатысып еді. Биыл бұл балаларға не болғанын білмеймін. Оқыс мінез көрсетіп жүр, - дейді мектеп басшысы.
Дегенмен балаларды мектептен қуатын ниеттері жоқ екен. Олардың тәртібінің түзелетінінен үмітті. Алайда жағдай осылай жалғаса берсе, заңды түрде жазалауға тура келетінін жеткізді.