Істі Жоғарғы сот қарап, ер адам әйелді күзетпеуі керек еді деген қорытынды шығарды
Тергеу барысында қамауға алынған әйел төсек жаймасын жылу батареясына байлап, терезе арқылы қашып кеткен. Жоғарғы соттың хабарлауынша, бұл жағдайдан кейін аурухана бөлмесінің дәлізі маңындағы есіктің қасында болған аға сержан қызметінен босатылған.
№4 қалалық ауруханасына тергеу барысында қамалған А.-ның жанында инспектор-психолог әділет лейтенанты Ж. болған.
Таңғы сағат 4 шамасында әйел оны күзетіп тұрған әділет лейтенанты Ж.-ның ұйықтап кеткенін пайдаланып, төсектің екі жаймасын жылыту батареясына байлап, терезе арқылы төмендеп, көшеге шығып, қашып кеткен. Кейіннен А. ұсталып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне қамалды, - делінген ақпаратта.
Алайда қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін аға сержант Р. қызметінен босатылды. Бұл шешімге келіспеген соң Р. жергілікті соттарға жүгінген. Ол жерде шешімнің заңды қабылданғанына сүйеніп, талап арызды қанағаттандырмаған. Жоғарғы сот істі қарап, мұның негізсіз екенін анықтады.
Ер адам әйелді күзетпеуі керек еді, өйткені Қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторындағы адамдарды қорғау және қадағалау қағидаларына сәйкес, егер күдікті немесе айыпталушы әйел ауруханаға жатқызылса, онда оны күзету үшін әйел-бақылаушылар тағайындалады, - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ тергеудегі күзетуді ұйымдастыруда бұзушылықтар болғаны, бөлмедегі терезеде тор орнатылмағаны белгілі болды.