Олардың арасында жасөспірімдер де бар
Биыл Батыс Қазақстан облысында есірткі таратумен айналысқан 25 адам құрықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Polisia.kz мәліметінше, жыл басынан бері тәртіп сақшылары есірткі таратумен айналысқан 25 адамды қолға түсірді. Олардың арасында 6 жасөспірім болған.
Жуырда БҚО полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Оралдағы колледждердің бірінің бірінші курс студентін ұстады. Оны жеке тексеру кезінде қалтасынан ерекше иісі бар сұр түсті кристалды зат салынған 25 zip-пакет табылып, тәркіленді, – делінген ақпаратта.
Жас жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Сақшылар оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ есірткі жеткізу арналарын анықтап жатыр.