Зардап шеккендердің бірі – кәмелетке толмаған бала
Астанада Сығанақ пен Тұран көшелерінің қиылысында жолаушылар мінген екі автобус соқтығысты. Оқиға салдарынан 2 адам зардап шеккен, деп хабарлайды Halyq Uni қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
12 қарашада Тұран даңғылынан Сығанақ көшесімен келе жатқан Higer жолаушылар автобусының жүргізушісі жол және метеорологиялық жағдайды (көктайғақ) ескермей, аялдамаға тоқтап, маршруттық автобуспен соқтығысуға жол берген. Жол апаты салдарынан 2 жолаушы зардап шекті, олардың бірі кәмелетке толмаған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, - делінген хабарламада.
Медициналық тексерудің қорытындысы бойынша процессуалдық шешімдер қабылданады.