Тергеу жүргізіліп жатыр
Қызылорда облысының полицейлері республика көлемінде интернет алаяқтықпен айналысып, жәбірленушілерге аса ірі мөлшерде зиян келтірген, Батыс Қазақстан облысында тұрақтаған қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Тергеу барысында айғақ заттар ретінде 16 телефон, бірнеше қолданылған SIM-карталар, Роутер құрылғысы және 3,5 млн теңге көлемінде ақша тәркіленді.
Күдіктілер Қызылорда облысы аумағында әлеуметтік желі пайдаланушыларына “несие тарихын жаңғыртып, ақша алуға арналған бағдарлама жасаймыз” деген жалған ақпарат таратып, өздерінің интернеттегі IP-мекенжайларын және банктік есепшоттарын бүркемелеп, жәбірленушілерден 45 млн теңгені алаяқтық жолмен жымқырғаны үшін айыпталып отыр.
Соттың шешімімен күдіктілерге екі ай мерзімге “күзетпен ұстау” бұлтартпау шарасы тағайындалды. Қазір қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу амалдары жалғасып жатыр.