×

Алматы облысында бұзақылар іздестіріліп жатыр: бес тұрғын зардап шеккен (ВИДЕО)

Оқиға Алматы облысының Бесағаш ауылында болған

 Қанат Атаманов 14.06.2022 | 22:30
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде көпқабатты тұрғын үй ауласында белгісіз біреулердің ер адамға шабуыл жасағаны түсірілген видео тарады.

Полиция мәліметінше, бес адам жарақат алған. Оқиға Алматы облысының Бесағаш ауылында болған.

Оқиға 13 маусымға қараған түні Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы «Аспан сити» тұрғын үй кешені маңында болған. Дерекке қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша тергеу басталды. Іс материалдарына сәйкес, жәбірленуші бес жергілікті тұрғын бар. Олардың екеуі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері видеоны тексеріп, куәгерлерден жауап алып жатыр, - деді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Зардап шеккендердің өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ, оларға қажетті көмек көрсетілгені айтылды.

Полиция екі күдікті ұсталғанын хабарлады. Қалғандарына іздеу жарияланған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Ішінде бірде-бір орыс жоқ»: Астрахань облысында қазақтарды соғысқа аттандырып жатыр

Видео авторының айтуынша, әскери жұмылдыруға алынған азаматтардың басым бөлігі қазақтар  
24.09.2022 | 19:50

Талдықорғанда иттердің төбелесін ұйымдастырған ер адам жазаланды

22 жастағы қала тұрғыны төбелес видеосын әлеуметтік желіге жүктеген
24.09.2022 | 18:03

Петропавлда ормандағы ағашты отағандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

 Кәсіпкер ағаштарды заңсыз отап тастаған
24.09.2022 | 17:36