ТЖМ 120 млн теңгеге дрон сатып алады

Дәурен Ерболат

Дрон биік ғимараттағы өртті сөндіру үшін пайдаланылады

фото: primeminister.kz

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов ведомство 120 млн теңгеге арнайы дрон сатып алуды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ведомство басшысы бұл жұмыс пилоттық жоба аясында іске асырылатынын атап өтті.

Елімізде Қытай дрондарын құрастырамыз. Жұмысты қазақстандық фирма істейді. Бір дронның бағасы – 120 млн теңге шамасында. Дрон 150 метрге дейін көтеріліп, өртті сөндіре алады. Құралды кез келген өрт сөндіруші көлікке қоя аламыз, – деді Әрінов Үкіметтің баспасөз орталығында.

Оның айтуынша, аталған дрондар Алматы және тағы басқа қалалардағы биік ғимаратта шыққан өртті сөндіруге қолданылады.

«Біз тәжірибемізді тағы жетілдіреміз. Келісімшарт бойынша жоғарыда аталған фирма біздің қызметкерлерді (дронды басқаруға) үйретеді», – деді министр.