Halyq Uni логотип
×

ШҚО тұрғыны 200 келіден астам балықты заңсыз тасымалдаған

Бұдан келген залал 2 млн теңгені құрады

 Қымбат Елтайқызы 12.11.2024 | 11:10
ШҚО тұрғыны 200 келіден астам балықты заңсыз тасымалдаған
фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны 200 келіден астам балықты заңсыз тасымалдаған, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, заңбұзушылық фактісі «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды.

Тәртіп сақшылары Күршім – Үлкен Нарын тасжолында 25 жастағы жүргізуші тізгіндеген автокөлікті тоқтатқан. Құжаттарды тексеру кезінде ер адамның 206 келіден астам әртүрлі балық түрін, оның ішінде 85 келі көксерке, 102,6 келі шортан және 78 келі нәлімді қажетті құжаттарсыз заңсыз тасымалдап бара жатқанын анықтаған, – делінген ақпаратта.

Осылайша, құқық бұзушы әрекеті шамамен 2 миллион теңгедей сомада шығын келтірді. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оның нәтижелері бойынша нақты процестік шешім қабылданады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама