Алматыда бұзақы үй кіреберісінде қызға шабуыл жасаған (ВИДЕО)

Халық үні

Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады

фото: Halyq Uni

Алматыда ер адам тұрғын үй кешенінің бірінің кіреберісінде қызға шабуыл жасаған. Ол туралы видео әлеуметтік желіге тарап кетті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Оқиға 6 қарашада сағат 23:30 шамасында болған. Кадрдан кіреберісте тұрған ер адамның сырттан кірген қыздың артынан еріп, күтпеген жерден шабуыл жасағанын көруге болады. Ол қызды құлатып, баспалдақтан төмен қарай сыртқы есікке дейін жармасып барады. Шабуыл кезінде қыз барынша ер адамның қолынан сытылып шығуға тырысады және соңында қашып құтылады.

Қалалық полиция департаменті оқиғаны растап, шабуыл жасаған адамның қамауға алынғанын хабарлады.

Бұл факті бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс материалдары сотқа жіберіледі, - делінген хабарламада.