Қызылордада оқушы қызды секс-құлдыққа салу ісі бойынша алғаш рет шешім шығарылды

Халық үні

Жеңілдетілген мән-жай ретінде сотталушының жастығы ескерілді

фото: Halyq Uni

Қызылорда қаласының №2 сотында оқушы қызды қорқыту арқылы секс-құлдыққа тарту бабы бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Белгілі болғандай, сотталушы «масқаралайтын мәліметтерді жариялаймын» деп кәмелетке толмаған жәбірленушіден 700 мың теңге ақша тауып беруін талап еткен, сонымен қатар оның сөмкесіндегі 35 мың теңгені тартып алған.

Сотталушының кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленушінің біркелкі жауаптарымен, оқиға орнын қарап-тексеру туралы хаттамасымен, беттестіру жүргізу хаттамаларымен, сот психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысымен бекітілді.

Сот үкімімен сотталушы Т. ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. ҚР ҚК-нің аталған бабының санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді, – делінген сот хабарламасында.

Жеңілдетілген мән-жай ретінде оның бұрын сотталмағаны және жастығы (21 жас) ескерілді. Нәтижесінде сот сотталушыға 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.