Halyq Uni логотип
×

Павлодарда банктің қабырғасын бұзған ұрылар іздестіріліп жатыр

Бұл жағдайға банк өкілдері түсінік берді

 Халық үні 11.11.2024 | 19:48
Павлодарда банктің қабырғасын бұзған ұрылар іздестіріліп жатыр
фото: Halyq Uni

Павлодар облысының полиция департаменті белгісіз адамдардың банк қабырғасын бұзып кіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

11 қарашада сағат 09:30-да полицияға банктің бір филиалында қабырғаның бұзылғаны туралы хабарлама түсті, – делінген полиция мәліметінде.

Оқиға орнында тергеу-оперативтік тобы жұмыс істеп, мән-жай мен себептерді анықтап жатыр.

Сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері бұл оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр, – деп хабарлады полиция өкілдері.

Сондай-ақ бұл жағдайға банк өкілдері де түсінік берді.

11 қарашада таңертең банкке сағат 22:00-ден 23:00-ге қараған түні белгісіз адамдардың Павлодардағы Halyk бөлімшесіне (Естай көшесі, 40 мекенжайы бойынша) кіргені туралы хабар түсті. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Halyk филиалының қызметкерлері істің мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жұмыстарына қолдау көрсетті, – деп мәлімдеді банк өкілдері.

Осы орайда банктің баспасөз қызметі көпшіліктен жалған ақпараттың таралуына жол бермеуді сұрады. Өйткені жалған мәлімет полицияның тергеу жүргізуіне кедергі келтіруі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама