Отызға жуық жұмысшы өздеріне тиесілі еңбекақысын ала алмаған
Ақмола облысының прокуратурасы қабылдаған шаралар нәтижесінде жұмыс ақысы үшін берешек төленді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Облыстық прокуратура мәліметінше, Егіндікөл ауданы прокуратурасы талдау барысында жұмысшылардың жалақысын төлемеу фактісін анықтады.
«Ясли сад Балбобек» МКҚК-ның жалпы сомасы 5 млн теңгені құрайтын жалақы берешегі мен әлеуметтік және жеке табыс салығы төленбегені анықталған, – деп қосты ведомство.
Қадағалау актісі бойынша қарыз толық көлемде өтеліп, жауапты лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Осылайша, кәсіпорынның 28 қызметкерінің конституциялық құқығы қорғалды.