Halyq Uni логотип
×

Алдағы күндері елімізде аяз күшейеді

14 қарашада елдің оңтүстігінде күн ашық болады

 Қымбат Елтайқызы 11.11.2024 | 16:20
Алдағы күндері елімізде аяз күшейеді
фото: Halyq Uni

Алдағы үш күнде Қазақстанда күн күрт суытады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қазгидромет болжауынша, еліміздің көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қар аралас жаңбыр жауады.

Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында боран соғып, көктайғақ болады, жел күшейеді. 12 қарашада Шығыс Қазақстан облысында, 12-13 қарашада республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қалың қар жауады, ал 13 қарашада еліміздің оңтүстігінде жаңбыр аралас қар жаууы ықтимал. Тек елдің батысында, 14 қарашада елдің оңтүстігінде күн ашық болады, – деп қосты ведомство.

Батыс облыстарда ауа температурасы түнде 0-ден -11 градусқа дейін суытады. Солтүстік-батыс, солтүстік, орталық өңірлерде түнде минус 8-18, минус 3-15 градусқа дейін суытады, күндіз минус 5-12, 0-8 аралығында болады.

13 қарашада шығыста ауа температурасы түнде -10-25-ке күрт төмендейді, күндіз 5-16 градус суық болады. 14 қарашада түнде 7-20 градус аяз, күндіз 2-13 градус суық болады. Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасы біртіндеп төмендейді, түнде +6 -6 градус, күндіз +3 - 5 градус аралығында болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама