×

Шымкентте қымбат тон ұрлағандар іздестірілуде (ВИДЕО)

Видеодан ұрлықшылардың жүздері анық көрінеді

 Қанат Атаманов 14.06.2022 | 21:00
Фото: в

Шымкентте құны миллион теңгеге жуық тұратын италиялық тонды ұрлап кеткен.

Сатушы ұрлық сәтін байқамағанымен, заттың жоғалғанын көріп, полицияға хабарласқан. Олардың ұрлық жасаған әрекеттері бейнебақылау камераларына түскен.

Ондағы көрініс бойынша бейтаныс біреу тонды етегінің астына жасырып тығып, оны барынша байқатпай ұрлауға тырысқан. Ұры жалғыз емес. Оның қылмыстық бизнестегі құрбысы ұрыны барынша жауып тұр. Үшінші әйел сатушының назарын аударып, киінуге көмектесуін сұраған.

Видеодан ұрлықшылардың жүздері анық көрінеді. Бұл видео істі тергеп жатқан Шымкент полицейлерінің басты айғақтарына айналды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама