Алакөлде балықшы жоғалып кетті

Қымбат Елтайқызы

Оның қалай жоғалғаны белгілі болды

фото: Halyq Uni

ТЖМ құтқарушылары Алакөл көлінде балықшыны құтқарды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бүгін таңертең 112 қызметіне кеше кешке балық аулауға шыққан 1989 жылы туған ер адам Абай облысына қарай қайықпен жүзіп кетіп, жоғалып кеткені туралы қоңырау түсті. Онымен байланыс болмады. Оқиға Жетісу облысы Алакөл ауданы Қамысқала ауылының маңында болды, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Бүгін іздестіру тобы суда аударылған қайықтың үстінде отырған жоғалған адамды көлдің жағалауынан 30 шақырым жерде тапты. Құтқарушылар оны жағаға жеткізді. Оған медициналық көмек қажет болмады, – деп қосты ведомство.

Белгілі болғандай кеше кешке жергілікті балықшылар жоғалған балықшыны іздеп, таба алмағанннан кейін бүгін таңертең құтқарушылардан көмек сұраған.

Мамандар кеңесі:

  • қайықта құтқару күртешесін киіңіз;
  • қатты жел кезінде суға шықпаңыз;
  • сапар алдында жүзу құралының жарамдылығын тексеріңіз.