Қарағанды облысында Қытай азаматтары құтқарылды

Қымбат Елтайқызы

Шетелдіктерге не болғаны анықталды

фото: Halyq Uni

ТЖМ құтқарушылары Қытай азаматтарын қар құрсауынан босатты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бүгін Қарағанды облысының 112 қызметіне қар құрсауында қалып, өз бетінше шыға алмай жатқан ҚХР екі азаматы туралы хабарлама түсті.

Сапарды қысқартуға ұмтылып, тас жолдан бұрған ер адамдарды құтқарушылар Қарқаралы ауданының Аққора ауылынан 15 шақырым жерде тапты. Автокөлік тас жолға сүйретіліп, аудан орталығына дейін сүйемелденді. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет емес еді, – деп қосты ведомство.

Құтқарушылар ауа-райының қолайсыздығында тек үлкен жолдар мен тас жолдармен жүру керек екенін еске салады.