Жолда тоқтатылған 40 жолаушысы бар автобус жүргізушісі мас болған (ВИДЕО)
Тәртіп сақшылары болуы ықтимал апаттың алдын алды
Түркістан облысының 50 жастағы тұрғыны жолаушыларды ішімдік ішіп алып тасымалдаған. Оны полицейлер Астана-Петропавл автожолының 232-шақырымында тоқтатты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Van Hool автобусын тізгіндеген жүргізушінің құжаттарын тексеру және әңгіме барысында одан алкогольдің иісі шыққан. Ол Бурабай ауданының ауруханасында медициналық тексеруден өтіп, дәрігер жүргізушінің жеңіл дәрежелі алкогольдік мас халде екенін растаған. Осылайша, тәртіп сақшылары болуы ықтимал автобус апатының алдын алды.
Жүргізуші 40 жолаушыны тасымалдаған. Осы факті бойынша ол Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жолаушылар сапарын басқа жүргізушімен жалғастырды, - делінген полиция хабарламасында.